Салалар
Талқылаулар
Новость

Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау жөніндегі жұмыс кеңесі
📌 Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау жөніндегі жұмыс кеңесі
🗓 2025 жылғы 17 маусымда онлайн-форматта Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
👥 Кеңеске қатысқандар:
әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері,
мемлекеттік аттестаттауға жауапты білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандары,
2025 жылы аттестаттауға жататын мектептердің директорлары мен директорлардың оқу жөніндегі орынбасарлары.
🔹 Кездесуді «Әдістемелік орталық» КММ директоры Р. С. Сәркен ашып, келесі негізгі міндеттерді белгіледі:
мектептерді әдістемелік сүйемелдеуді күшейту,
тәуекелдерді уақтылы диагностикалау,
процестің барлық қатысушыларын нақты үйлестіру.
🔹 «Ломоносов орта мектебі» КММ (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан) директорының оқу жөніндегі орынбасары Н. А. Панкеева аттестаттауға дайындалудың келесі практикалық тәжірибесімен бөлісіп,:
тиімді тәсілдерді қолдану («лайфхактар»), мектеп ішіндегі командалық жұмыс, дайындықтың негізгі кезеңдері.
🔹 Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы М.А. Панарина аттестаттаудың нормативтік талаптары мен критерийлерін түсіндірді. Өзекті сұрақтарға жауаптар берілді, тексеру барысында анықталған үлгілік қателер айтылды және тәуекел аймақтары белгіленді.
📊 Қатысушыларға негізгі іс-қимылдарды, бақылау мерзімдері мен құжаттама нысандарын қоса алғанда, аттестаттауға дайындықтың кезеңдік схемасы ұсынылады.
📎 Әдістемелік орталық облыстық «Тірек» жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік аттестаттауды дайындау мен өткізудің барлық кезеңдерінде мектептерді сүйемелдеуді жалғастырады.
📌 Кеңес қорытындысы бойынша дайындық деңгейін арттыруға және қайта аттестатталмаған мекемелердің санын азайтуға бағытталған білім беру ұйымдары үшін практикалық ұсынымдар әзірленді.