Салалар
Талқылаулар
Новость

27 мамырда облыс әкімімен республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен жыл сайынғы кездесу өтті
27 мамырда облыс әкімімен республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен жыл сайынғы кездесу өтті. Бұл шара – білім мен ғылым саласында жарқыраған жетістіктердің, жас дарындардың мерекесі болды.
Іс-шараға облысымыздың ең үздік 30 оқушысы қатысты – олар өз еңбегімен, табандылығы және білімге деген ұмтылысымен биік белестерді бағындырған жас ізденушілер. Кездесу барысында оқушылар өз жетістіктерімен, байқауларға қатысу тәжірибесімен және ғылыми жобаларымен бөлісті.
Облыс әкімі Нұрмұхамбетов Гауез Торсанұлы жас дарын иелеріне алғысын білдіріп, олардың өңіріміздің білім мен ғылымының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.
Атап айтқанда, «Новоишим орта мектебі №1» КММ 10-сынып оқушысы Ткачук Ангелина облыс әкімі сыйлығына ие болды. Ол Халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» байқауының «Биология және ғарыштық биология» секциясында «Құнды қайың қабығы экстракты негізінде жасалған кремдер мен майлардың ғарыштық медицинада қолданылуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі Спасибушкина Анна Васильевна. Бұл жоба – тек ғылыми ізденіс қана емес, болашаққа жасалған сенімді қадам, онда ғылым көкжиегі ғарыш кеңістігіне дейін ұлғаяды.
Мұндай жеңістер – шабыт көзі, әрі еліміздің болашағының жарқын кепілі. Осы жас дарын иелерінің табыстары жаңа биіктерге жетелеп, үлкен жаңалықтардың бастауы боларына сенеміз!