Салалар
Талқылаулар
Новость

36-шы маусымның жабылуына орай «Бір досың керек екен» комедиясы сахналанады
27 маусым күні Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры 36-шы маусымды қорытындылайды. Театр маусымының жабылуында көрерменге биыл ерекше әсер сыйлаған премьера - «Бір досың керең екен» қойылымын сахналауды ұйғардық.
Өнер ұжымы үшін театрдың 36-шы маусымы табысты өрілді деуге болады. Өткен жылдың қыркүйек айында театрдың ұйымдастыруымен Алаш қайраткері Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына орай «Ертіс-Баян» I республикалық театрлар фестивалі өтті. Оған алғашқы іріктеуден өткен еліміздің 11 театры қатысып, жергілікті көрерменді түрлі жанрдағы қойылымдарға қарық қылды.
Өнер ұжымы одан соң Шығыс Қазақстан облысында көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХХ фестиваліне «Менің атым Қожа» қойылымымен қатысып, арнайы жүлдені қанжығаға басты.
Ал 2024 жыл қорытындысында «Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің» сыншылар жүлдесінде бірнеше номинациямен марапатталды.
Аталған маусымда театр сахнасында «Джудит жасаған қиын таңдау», «Бір досың керек екен», «Пері Қатын» және «У-сана» (ертегі) премьералық қойылымдары өтті.
36-шы театр маусымының жабылуына арналған «Бір досың керек екен» комедиясы 27 маусым күні сағат 18:30-да сахналанады.