Салалар
Талқылаулар
Новость

Этноауыл 2025
#Этноауыл2025
#Туғанөлке
#Біртұтас_тәрбие
Балалардың демалысын қызықты әрі пайдалы етіп ұйымдастыру, ата-бабамыздан мұра болып жеткен, дәстүрлерімізді көздің қарашығындай аялап, ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз, қазақы болмысымызды дәріптеп насихаттау, рухани және мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында 2025 жылдың 3 маусым күні Новоишим қазақ орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары №2 Новоишим орта мектебінің аумағында орналасқан «Туған өлке» этноауыл сауықтыру лагеріне белсенді қатысты.
Жоба аясында бауырсақ дайындау бойынша, ағаш ою, қазақ ою-өрнектерін ою бойынша шебер сыныптар, музыкалық нөмірлерді орындау, "Қара жорға" биі, сондай-ақ балалардың белсенді қатысуымен көптеген ұлттық ойындар өткізілді.