Салалар
Талқылаулар
Новость

16 маусымында мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің бірінші маусымы өз мәресіне жетті
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері – І маусымның соңғы күні. 2025 жылдың 16 маусымында мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің бірінші маусымы өз мәресіне жетті. Бұл күн лагерьдегі ең есте қаларлық, қуаныш пен қимастық сезімі қатар жүрген ерекше күн болды.
Балалар күнді дәстүрлі таңғы жаттығумен бастады. Одан кейін лагерь жетекшілері мен тәрбиешілер бірінші маусымның қорытындысына арналған шағын мерекелік шара ұйымдастырды. Балалар ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Барлық балаларға балмұздақ пен тәтті шырындар таратылып, шат-шадыман қуаныш сыйланды. Бұл күн балалардың есінде лагерьдегі қызықты сәттермен, достармен өткізген жарқын естеліктермен сақталары сөзсіз. Лагерь жетекшілері мен тәрбиешілер балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, ұмытылмас демалыс ұйымдастыра білді. Қуанышқа толы бұл күн оқушылар үшін ұмытылмас әсер қалдырды.
Балалар тәрбиешілер мен ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, келесі жылғы лагерьдің ашылу маусымын асыға күтетіндіктерін жеткізді.