Салалар
Талқылаулар
Новость

2025 жылдың маусым айының 18 жұлдызы кезекті күнінде мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде оқушылар үшін тәрбиелік және шығармашылық іс-шараларға толы күн ұйымдастырылды.
Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері – күнделікті іс-шара
2025 жылдың маусым айының 18 жұлдызы кезекті күнінде мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде оқушылар үшін тәрбиелік және шығармашылық іс-шараларға толы күн ұйымдастырылды.
Күн таңғы жаттығумен басталып, балалардың сергек әрі белсенді бастауына жол ашты. Одан кейін технология пәні үйірмесінің жетекшісі оқушылармен бірге аналарына арналған сыйлық қоржындарын жасауды үйретіп, ерекше шығармашылық сабақ өткізді. Балалар қолөнер бұйымдарын дайындау барысында еңбекке машықтанып, өз қолдарымен қуаныш сыйлаудың мәнін ұғынды.
Сабақтан кейін әр топ жетекшілері өз топтарымен қызықты қимылды ойындар ойнатып, оқушылардың белсенділігін, көңіл күйін көтеріп, топ ішіндегі ынтымақты арттырды. Балалар бір-бірімен тіл табысып , жазғы лагерьдің тағы бір жарқын күнін есте қаларлықтай өткізді.