Салалар
Талқылаулар
Новость

20 маусымында мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің кезекті күні қызықты әрі мазмұнды өтті
Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
«Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері
2025 жылдың 20 маусымында мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің кезекті күні қызықты әрі мазмұнды өтті. Таңғы күн сергіту жаттығуларымен басталып, балалардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділікке баулыды.
Содан кейін мектеп медбикесі Р.Нарбекова оқушыларға "Денсаулық – зор байлық" тақырыбында танымдық сағат өткізіп, адам өмірінің қауіпсіздігі мен жеке тазалық сақтау ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Күннің жалғасында балалар спорттық ойындар ойнап, түрлі қимылды ойындарға белсене қатысып, қызықты уақыт өткізді. Топтар арасындағы ұйымшылдық пен белсенділік байқалып, лагерьдегі тағы бір күн есте қаларлықтай өтті.