Салалар
Талқылаулар
Новость

«Менің бақытты отбасым» атты асфальтқа және мольбертке сурет салу байқауы және «Әрқашан күн сөнбесін» атты концерттік бағдарлама өтті
Оқушылар сарайында «OFFLINE ЖАЗ» алаңына келіп жүрген балаларға арналған «Менің бақытты отбасым» атты асфальтқа және мольбертке сурет салу байқауы және «Әрқашан күн сөнбесін» атты концерттік бағдарлама өтті
Іс-шара барысында балалар «Қызықты ойын алаңында» түрлі спорттық ойындарға қатысып, «Тілектер бағы» аллеясында өз арман-тілектерін жазып, тілек ағаштарына ілу мүмкіндігін алды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушы балалардың ата-аналары да «Тілек ағашына» өздерінің жүрек жарды ризашылық тілектері мен алғыстарын жазып, керемет көріністің куәгерлері болды.
Ал, байқау қатысушылары өз отбасына деген сүйіспеншілігін, арман-қиялынан туындаған суреттерін асфальтқа және мольберт беттеріне түрлі-түсті борлармен және бояулармен түсіріп, шығармашылық қабілеттерін паш етті. Концерттік бағдарлама аясында вокал үйірмесінің оқушылары «Бақыт деген..», «Арлекино», «Сердечки», «Әрқашан күн сөнбесін», «Тұлпар» этно-рок тобы «Қайда», «Эспрессо», дәстүрлі ән үйірмесінің оқушылары «Біз, адаймыз», домбыра үйірмесінің оқушысы «Көзіңнің мөлдірін-ай» әндерімен, би үйірмесінің оқушылары «Үнді», «Театр әлемінде» үйірмесінің оқушылары «Қуыршақ барби», «Di – Family Crew» заманауи би ансамблі «Тебя услышать», «Off the Grid» билерімен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Байқау жеңімпаздары дәрежелі дипломдармен және арнайы номинациялармен марапатталды. Іс-шара барлық қатысушылар үшін қызыққа толы нағыз жаз мерекесі болды деген сенімдеміз.