Салалар
Талқылаулар
Новость

Астана қаласы «Мағжан Жұмабаев атындағы №65 МГ» «Балақайлар мектебі» 2025 жылдың 1 тамызында өз жұмысын бастайды ! «Балақайлар мектебі» 2025 жылдың 1 тамызында өз жұмысын бастайды !
Біздің гимназиямызда «Балақайлар мектебіне» тамыз айына қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз. Балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған өмірдің ең үздік бастамасын жасағыңыз келсе, бізге қош келдіңіз!
Сіз үшін біз не ұсынамыз!
«Балақай мектебі» бағдарламасының жұмысы туралы мәлімет:
Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды (20 күн) құрайды.
Мерзімі:
1) 01.08.2025ж. - "Балақайлар мектебінің" ашылу салтанаты өтеді, басталуы: 09:00
2) 04.08 - 28.08.2025 ж. аралығында жұмыс жасайды.
Топтың құрамы 25 балаға дейін.
Жұмыс тәртібі:
Аптасына 5 күн
Күніне 4 сабақ
Сабақ уақыты 20 минут
Қоңырау үзілісі 5-10 минут
Жұмыстың негізгі бағыттары:
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Мекенжай: Б.Соқпақбаев 18/4
Өтініш қабылдау: 100 А кабинеті
БАЛАЛАР МЕКТЕПТЕ ҰЙЫҚТАМАЙДЫ. САБАҚ ТЕГІН.