Салалар
Талқылаулар
Новость

Астана қаласындағы Оқушылар сарайында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында педагогтар мен әдіскерлерге арналған оқыту семинары өтуде
📍Астана қаласындағы Оқушылар сарайында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында педагогтар мен әдіскерлерге арналған оқыту семинары өтуде. Семинар тәрбие жұмысына жауапты мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ мектептерде бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.
🔹 Бағдарлама оқушылардың бойында адалдық, азаматтық жауапкершілік, патриотизм және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыруды көздейді.
🔹 Оқыту барысында қатысушылар тәрбиелеу моделінің мазмұнымен танысып, тиімді тәжірибелермен алмасып, бағдарламаны білім беру ұйымдарында іске асыру жолдарын қарастыруда.
Оқу-ағарту министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр және бұл — жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған ұлттық стратегияның бір бөлігі.
https://www.facebook.com/share/v/15pYa7zDMv/