Салалар
Талқылаулар
Новость

Таңертең оқушылармен сергіту жаттығулары жүргізіліп, күнді көңілді әрі белсенді бастауларына мүмкіндік жасалды.
Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері – 26 маусым күнгі іс-шара
2025 жылдың маусым айының 26 жұлдызында мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде кезекті күн белсенді әрі мазмұнды өтті. Таңертең оқушылармен сергіту жаттығулары жүргізіліп, күнді көңілді әрі белсенді бастауларына мүмкіндік жасалды.
Күн тәртібіне сәйкес, оқушылармен "Көргенімді бейнелеймін" атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Бұл шара балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, елестету мен ойлау шеберлігін арттыруға бағытталды. Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, көрген әсерлерін сурет арқылы жеткізуге тырысты.
Сонымен қатар, балалар үшін әртүрлі көңіл көтеретін қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуына ықпал етті.
Күніміз өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар жарқын көңіл-күймен, жақсы әсермен үйлеріне тарқасты