Салалар
Талқылаулар
Новость

«Балақайлар мектебінің» ашылуы.
Бүгін, 01.08.2025 ж Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде 2025-2026 оқу жылында 1-сыныпқа баратын балаларды мектепке дайындау үшін «Балақайлар мектебінің» ашылуы өтті! Болашақ бірінші сынып оқушылары үшін бұл жай ғана сабақ емес, жаңа өмір кезеңімен – алғашқы партамен, мұғалімдермен, мектеп тәртібімен және атмосферасымен танысу. Бағдарлама бойынша – қызықты сабақтар, қимыл-қозғалыс ойындары, шығармашылық тапсырмалар мен мектепке шолу экскурсиялары өтеді. Біз әрбір болашақ бірінші сынып оқушысы өзін сенімді сезініп, 1 қыркүйекті қуанышпен және қызығушылықпен күтетін мейірімді әрі қауіпсіз орта құрудамыз.
Бұл жазғы мектепке саяхат жарқын әсерлермен есте қалсын! ВИДЕО КӨРУ