Салалар
Талқылаулар
Новость

М.Жұмабаев атындағы 65 мектеп-гимназиясы жанынан ашылған "Балақайлар мектебінің" 4 тамыз күні алғашқы жұмысын бастады.
Оқушылармен танысып, мектеп ішіндегі бөлмелерді аралап, әрқайсысын қайда не болатынын көрсетілді. Балаларға қауіпсіздік ережелері мен мектептегі күн тәртібі түсіндірілді. Әр бала өз орнын тауып, мұғалімдермен және достарымен танысты. Бір-бірімен тез тіл табысып, мектеп өміріне қадам басты. Күн қызықты танысу ойындарымен, шығармашылық тапсырмалармен жалғасты. Алда талай қызыққа толы оқу жылы күтіп тұр!