Салалар
Талқылаулар
Новость

М.Жұмабаев атындағы 65 МГ "Балақайлар мектебі" 2025 жылдың 6 тамызы күнгі жұмыс жоспары бойынша: Сауат ашу сабағында "Дыбыс пен буын" туралы түсінік берілді.
Балалардың сөздерді буынға бөлу және дыбыстық талдау дағдыларымен жұмыс жасалды. Суреттегі сөздерді атын атап ,буынға бөлуді үйренді.
Математика негіздері:
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға тапсырмалар орындады. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдысын қалыптастыру ойындары ойнатылды.
Қоршаған орта: Туыстық байланыстар туралы түсініктерді жетілдіру жаттығулары жасалды. Туыстық атаулармен танысты (ата, әже,әке,ана,апа,іні, қарындас т.б.).
Сөйлеуді дамыту сабағында : «Дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру»
« Сиқырлы дыбыс», «Кім шапшаң» ойыныдары ойнатылды. Бейне ролик көрсету арқылы жаттығулар жасадық. Ойындар балалар үшін қызықты өтті.