212
0
977
1681
1397
https://www.facebook.com/share/p/1Ap3S2u8Uj/
2025 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. Бұл акцияның басты мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсету. Әл-Фараби атындағы орта мектеп те бұл игі бастамаға жыл сайын белсене қатысып келеді. Биыл да мектебімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларды мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ киім, сөмке және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету көзделуде. Біз осы акция аясында барша ауыл тұрғындарын, мейірімді жандарды, түлектерді, ата-аналарды және демеушілерді қамқорлық танытуға шақырамыз! 🤝 Кішкентай ғана көмегіңіз – бір баланың жүзіндегі қуанышқа, үмітке себеп болуы мүмкін! 📍 Қайырымдылық көмегіңізді мектептің әлеуметтік педагогі немесе Қамқоршылық кеңес мүшелеріне тапсыруға болады. 📞 Байланыс: +77075685769 Бала бақытын бірге ойлайық! 💙 Жаңа оқу жылын жақсы істермен бастайық! #МектепкеЖол #Қайырымдылық #ӘлФарабиМектебі #БілімгеҚадам #ЖылулықСыйла
shualfarabi
01.08.2025 в 17:48