Салалар
Талқылаулар
Новость

«Абай – халқымыздың мәңгілік рухани шамшырағы. Оның әрбір сөзі - жүрекке медеу, санаға сәуле, ұрпаққа ұлағат».
📌 «Абай – халқымыздың мәңгілік рухани шамшырағы. Оның әрбір сөзі - жүрекке медеу, санаға сәуле, ұрпаққа ұлағат».
🔹 2025 жылдың 8 тамызында Петропавл қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы қабырғасында қазақтың ұлы ойшылы, дана ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Халықаралық жастар күніне арналған «Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт-бағдары» атты облыстық конференция өтті.
🔹 Конференцияның басты мақсаты -Абайдың мол рухани қазынасын білім мен тәрбие жүйесіне тиімді ендіріп, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух, адамгершілік пен парасаттылықты сіңіру.
🔹 Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысынан келген 200-ге жуық педагог қатысып, ойшылдың мұрасын бүгінгі күн талабымен ұштастырып, тағылымды ойларымен бөлісті.
🔹 Жиын барысында Абайдың қарасөздері мен өлеңдеріндегі тәрбиелік мазмұн, олардың заманауи жастар тәрбиесіндегі рөлі, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңыздылығы жан-жақты талданды.
🔹 Ұлы Абайдың рухани мұрасын ұлықтау - ел ертеңі саналатын жас ұрпақ тәрбиесіне қосылған баға жетпес үлес.
https://www.instagram.com/reel/DNF-gTohkz6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=cDVvaG93cWVsZjRw
https://www.facebook.com/share/v/1Cu2euycrq/