Салалар
Талқылаулар
Новость

«Таза Қазақстан: Болашаққа таза қадам»
📌 «Таза Қазақстан: Болашаққа таза қадам» - бұл қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасты қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған кең ауқымды экологиялық челлендж.
🔹 12 тамыз күні Петропавл қаласындағы Тәуелсіздік стеласында аталмыш облыстық челлендж өз бастауын алды. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасының басшысы, ардагер ұстаздар, білім басқармасы өкілдері және жас педагогтер қатысып, экологиялық бастамаға қолдау білдірді.
🔹 Челлендждің ашылуы салтанатты түрде өтіп, қатысушыларды шабыттандырған жарқын флешмобпен жалғасты.
Экологиялық бастаманың басты мақсаты - әр адамды таза болашаққа өз үлесін қосуға шақыру. Қатысушылар қаладағы екі негізгі орынға барып, тұрғындарға эко-пакеттер таратып, челленджге қосылуға үндеу жасады.
Игі бастама үлкен қолдау тапты: қала тұрғындары қағаз пакеттермен суретке түсіп, әлеуметтік желілерге жариялап, пакеттерді өзгелерге табыстады. Осылайша экологиялық идея одан әрі тарала түсті.
🔹 Көшелерде ұрандар жаңғырды:
«Таза Қазақстан үшін бірге!»
«Сенің таңдауың- сенің болашағың!»
Бұл шара- болашақ ұрпаққа жарқын және таза ел қалдыру жолындағы маңызды қадам!
https://www.instagram.com/reel/DNQWTTLBmu_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MWtxNmlsazQ1aWxhZQ==
https://www.facebook.com/share/v/1B4ztXvHr1/