Салалар
Талқылаулар
Новость

М Жұмабаев атындағы №65 мектеп гимназиясының жанынан ашылған «Балақай мектебі» 11 тамыз бен 15 тамыз аралығында жоспар бойынша жұмыс жасады.
Балалар сөздерді буындарға бөлуге және түрлерін ажыратуға арналған тапсырмаларды орындады. Көп мағыналы сөздер, синонимдер, антонимдер туралы түсінік беру мақсатында ойындар ойнатылды. Заттарды түсі, пішіні мен өлшемі бойынша заттарды салыстыра отырып, ұзын, қысқа, биік, аласа, енді, жіңішке ұғымдарын меңгерту тапсырмаларын топпен, жұппен орындады. Туыстық байланыстар туралы түсініктерді жетілдіру мақсатында татулық, сыйластық көрсетуге баулу жұмыстары жүргізілді. Бейнелеу мен мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдануға, пропорцияларды сақтауға,командада жұмыс істей білуге жаттықтыру тапсырмаларын орындады. Жас ерекшеліктеріне қарай тілдік қорын және логикалық қаілеттерін дамыту интелектуалды ойындар ұйымдастырылды. Балалар тапсырмалар орындауда және ойындарды ойнауда белсенділік танытты, сабақтар жүйелі жүргізілді.