Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин
Ағымдағы жылдың 19 тамызында тамыз конференциясы аясында бастауыш сынып педагогтерінің «Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру арқылы адалдық пен азаматтықты тәрбиелеу» тақырыбында секциялық отырысы өтті.
Отырысқа 40-тан астам бастауыш сынып мұғалімі мен мектепалды даярлық тәрбиешілері қатысты.
Секция жұмысы барысында оқу пәндерін кіріктіру, оқырмандық және функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы жасөспірімдер арасында адалдық пен азаматтық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Мәтіндермен жұмыс істеу, құндылықтық бағыттарды тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Секция отырысы пікір алмасу, әдістемелік тәжірибелер мен педагогикалық практикаларды бөлісу алаңына айналды. Қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қазіргі білім беру міндеттерін ескере отырып, кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
Баршаңызға белсенді қатысып, кәсіби ықыласпен атсалысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!