Салалар
Талқылаулар
Новость

Облыстық тамыз конференциясы – 2025 Биылғы тақырып: «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман»
📚 Облыстық тамыз конференциясы – 2025
Биылғы тақырып: «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман»
🇰🇿 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Білім мен тәрбие – қоғамның қос тұғыры. Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Жастарымыз адал, еңбекқор, отаншыл болып өсуі керек. “Отбасы – мектеп – мемлекет” үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетеміз.»
Облыс мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық тамыз кеңесі өтті. Жиын барысында оқушылардың бойында ұлттық сана мен жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, жас ұрпақты парасатты, адал әрі жауапты азамат ретінде тәрбиелеудің маңызы талқыланды. Кеңесте “Адал азамат” жобасы аясында құндылықтық тәрбиені оқу-тәрбие процесіне интеграциялау жолдары ұсынылып, тәжірибелік және әдістемелік бағыттар қарастырылды.