Салалар
Талқылаулар
Новость

Бірыңғай мектеп формасы
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Астана қаласының барлық білім беру ұйымдарында оқушыларды бірыңғай мектеп формасына (қою көк түсті) көшіру енгізілді.
Аталған талап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына негізделген.
Мектеп формасының түсі: қою көк.
Форманың үлгісі: классикалық стиль.
Ұлдарға арналған форма:
пиджак, жилет, шалбар,
ақ салтанатты жейде, күнделікті ақ жейде,суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка.
Шалбарлар кең тігіледі, ұзындығы бойынша тобықты жабуы тиіс.
Ұсынылатын минимум: жейде, жилет және шалбар.
Қыздарға арналған форма:
пиджак, жилет, белдемше, шалбар, сарафан, классикалық ақ көйлек,
суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка.
Шалбарлар кең тігіледі, ұзындығы бойынша тобықты жабуы тиіс.
Белдемше кеңсе үлгісінде, тізеден 5 см-ден жоғары болмауы керек.
📌 Ата-аналар мектеп формасын ұсынылған үлгі бойынша кез келген сауда орнынан өздері сатып алады.
Форманы нақты бір сатушыдан алуды міндеттеуге қатаң тыйым салынады.
📌 Ескерту: Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.