335
0
1056
1776
1510
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 ақпанда №13085 тіркелген. Өзгерістер мен толықтырулар: ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығы. --- 1. Жалпы ережелер 1. Осы талаптар "Білім туралы" ҚР Заңының 5-бабы 20) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйым. 3. Талаптардың мақсаты: Бірыңғай мектеп формасын енгізу, Ата-аналардың оң көзқарасын қалыптастыру, Оқытудың зайырлы сипатын сақтау. 4. Талаптар мектеп фойесінде және мектеп сайтына орналастырылады. --- 2. Мектеп формасына қойылатын талаптар 5. Мектеп формасы зайырлы сипатқа сай, классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасымен әзірленеді (3 түстен аспау қажет). 6. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі. 7. Формалар: күнделікті, мерекелік және спорттық. Ұлдарға арналған форма Пиджак, жилет, шалбар, жейде, тоқылған күрте/кардиган, поло жейде, водолазка. Шалбар – еркін тігілген, тобықты жауып тұрады. Қыздарға арналған форма Пиджак, жилет, юбка, шалбар, жейде, тоқылған күрте/кардиган, сарафан, водолазка. Шалбар – еркін тігілген, тобықты жауып тұрады. Спорттық форма Спорттық костюм (шалбар, куртка, футболка), аяқ киім (крассовка, кеды). 8. Діни конфессияларға тән киім элементтеріне жол берілмейді.
shualfarabi
3
25.08.2025 в 10:13
Білім