Салалар
Талқылаулар
Новость

1 қыркүйек - Білім күніне орай мектебімізде
“Мектебім - мейірім мекені” атты тақырыпта
салтанатты жиын өткізілді.
1 қыркүйек - Білім күніне орай мектебімізде “Мектебім - мейірім мекені” атты тақырыпта салтанатты жиын өткізілді. Жиынға 1, 9, 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі, ата - аналар қатысты. Жиын барысында салтанатты жиын қонағы Шу қаласының әкімі Нуралиев Елдос Бекболатұлы жас бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығын аттағалы жатқан сәтімен құттықтады. Сонымен қатар 1 сынып оқушылары балдай тәтті тілдерінен шыққан тақпақтарымен елді сүйсіндіртті. Мектеп директоры Шаймаш Азамат Айдарұлы жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, жүрек жарды лебізін білдірді.