Салалар
Талқылаулар
Новость

Бүгінгі танда оқушылардың кәсіби бағдары қосымша білім беру жүйесіндегі басты басымдықтардың біріне айналуда.Осыған орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің тапсырмасы бойынша 2025жылы 05-21 тамыз аралығында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы өтті.
Бүгінгі танда оқушылардың кәсіби бағдары қосымша білім беру жүйесіндегі басты басымдықтардың біріне айналуда.Осыған орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің тапсырмасы бойынша 2025жылы 05-21 тамыз аралығында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы өтті.Форумға еліміздің түпкір-түпкірінен облыс орталықтарынан бастап Астана,Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларға дейін 180 үздік қатысушы болды. «Мен мамандықты таңдаймын», «Менің кәсібім менің бизнесім» номинациялары бойынша қызықты жобалар қорғалды,сонымен қатар «Жас мобилограф» форматында бейнесюжеттер көрсетілді.
Форумның басты мақсаты –азаматтық патриотизмді,салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыру және жеке даму мен кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жағдай жасау.
Осы аталған форумға «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы» атынан 10 «А» сынып оқушысы Иманбай Даяна ,жетекшісі Жолшыбек Айгул Алдашбековна қатысып ,өзінің жұмысын ағылшын тілінде қорғап шықты,нәтижесінде облыс ,республика кезендерінен І –ші орынды иеленді.