Салалар
Талқылаулар
Новость

2025-2026 оқу жылын президентіміз Қ. Тоқаевтың жолдауында айтылған "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануына байланысты 04.09.2025 жылы "Ауыл шаруашылығы санағы не үшін қажет?" тақырыбында 8-10 сыныптар арасында оқушылар эссе жазды.
2025-2026 оқу жылын президентіміз
Қ. Тоқаевтың жолдауында айтылған
"Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануына байланысты 04.09.2025 жылы "Ауыл шаруашылығы санағы не үшін қажет?" тақырыбында 8-10 сыныптар арасында оқушылар эссе жазды.
Мақсаты - білім алушыларды мамандықты саналы түрде таңдауға,ауыл шаруашылығына көңіл бөлуге,құрметтеуге үйрету. Кәсіптік бағдар беруді қамтамасыз ету. «Ауыл шаруашылығы саған не үшін қажет?» тақырыбындағы эссе сағаты – ауыл өміріне деген оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға, болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруге арналған өзекті және маңызды шара болып табылады.
Аталған іс-шара 8–10 сынып оқушыларына арналғаны – олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ауыл мен қоғам өміріне деген азаматтық жауапкершілікті арттыруға септігін тигізеді деп есептейміз.
Мұндай форматтағы жұмыстар оқушыларды зерттеуге, талдауға, пікір айтуға және шығармашылық қабілетін көрсетуге дағдыландырады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының мәні мен маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар тарапынан мәтіндік және сандық мәліметтерді электронды түрде жіберу талап етілуі – жұмыс тиімділігін арттырады. Бұл оқушылардың тек жазбаша ғана емес, ауызша және цифрлық сауаттылығын дамытуға көмектеседі.<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshkola306Shu%2Fposts%2Fpfbid0232bDF7PvCD344C4ksZX3Da6CSRTKdMpK8cJRgxMJe6bUepFkHDiLZa6fdeHMmzfXl&show_text=true&width=500" width="500" height="801" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>