Салалар
Талқылаулар
Новость

Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдады. Бұл – жыл сайын өтетін басты саяси оқиғалардың бірі. Жолдау барысында Президент елдің қысқа және ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындап, даму міндеттері мен әлеуметтік саясаттың бағыттарын белгіледі.
Қалалық №21 орта мектебінің ұжымы Президенттің Жолдауын үлкен қызығушылықпен және зейін қойып тыңдады. Жолдауда экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалар қамтылып, алдағы уақыттағы басым бағыттар анықталды.
Президенттің сөзінде цифрландыру, көлік дәліздері, энергетика мәселелерімен қатар ішкі және экономикалық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды.