Салалар
Талқылаулар
Новость

Мемлекеттің білім беру жүйесі үшін маңызды бағыт-бағдар болған Президент Жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация негізіндегі өзекті міндеттер мен шешімдер» – елдің стратегиялық даму жолын айқындайтын маңызды құжат.
📘 Мемлекеттің білім беру жүйесі үшін маңызды бағыт-бағдар болған Президент Жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация негізіндегі өзекті міндеттер мен шешімдер» – елдің стратегиялық даму жолын айқындайтын маңызды құжат.
💻 Бұл Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері ерекше назарға алынған. Бұл – заманауи білім беру жүйесінің басты басымдығы.
📚 Мемлекет басшысының білім саласына айрықша көңіл бөлуін біз жоғары бағалаймыз. Мектеп қабырғасынан бастап жасанды интеллект бойынша құзыреттерді қалыптастыру, педагогтерді даярлау, цифрлық мектептерді дамыту және Al-Sana бағдарламасын енгізу – білім беру жүйесіне жаңа серпін береді. Облысымызда білім сапасын арттыруға, оның қолжетімділігі мен тиімділігін жоғарылатуға, сондай-ақ оқытудың инновациялық цифрлық тәсілдерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатын «AI - USTAZ» жобасы іске қосылды. Сонымен қатар 6 облыстық семинарлар өтті.
🌐 Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірленеді. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
🏫 «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында 2 мектеп ашылды.
✨ Президенттің мына сөздері ерекше шабыт береді:
«Бүгінгі өскелең ұрпақ бақытты әрі бақуатты өмір сүруі тиіс. Ол үшін біз – біртұтас ұлт ретінде аянбай еңбек етуіміз керек. Бұл – ортақ іс, азаматтық әрі патриоттық борышымыз».
🤝 Әдістемелік орталық осы басымдықтарды толық қолдай отырып, оларды практикада іске асыруға бар күшін салуға дайын. Педагогтер, мемлекет және қоғамның бірлескен жұмысы Қазақстанның жарқын болашағының кепілі болатынына сенеміз.