Салалар
Талқылаулар
Новость

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына пікір.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында өскелең ұрпақтың бақытты, берекелі өмір сүруі-баршаға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет екенін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің қарқынды дамуы тек экономикада ғана емес, халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне оң әсер етіп жатқандығына тоқталып, Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керектігіне басты назарды аударды.
«Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек»,-деді.
Жасанды интеллектіні тиімді қолдану-білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары айқын екені қуантады.
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рамазанова Женя Нургазиевна.