Салалар
Талқылаулар
Новость

Тіл - сарқылмас құндылық
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ кітапханасының оқу залында 2025 жылдың 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл - сарқылмас құндылық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Кітапханашы Айнаш Жанатауова Құспанқызы оқушыларға бүгінгі мерекелік күннің маңыздылығын түсіндіріп, кітап көрмесіне қойылған кітаптарды кеңінен насихаттады.