Салалар
Талқылаулар
Новость

Ахмет Байтұрсынұлы – Тіл білімінің темірқазығы
Тіл Тілдер күні мерекесі аясында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметіне арналған ашық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді.
Мұғалімдер Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі, білім беру және мәдениет салаларына қосқан өлшеусіз үлесі туралы оқушыларға кеңінен әңгімеледі. Әсіресе оның әліпби реформаторы, тілтанушы-ғалым, ағартушы және қоғам қайраткері ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Оқушылар Байтұрсынұлының қазақ тіліне арналған алғашқы оқулықты жазғанын, терминология мен грамматикалық ережелерді жүйелегенін, соның нәтижесінде ана тіліміз білім беру саласында ғылыми негізге ие болғанын білді.
Сабақ барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен үзінділер оқып, тілдің халық өміріндегі маңызы туралы оның көзқарастарын талқылады, тарихи жағдайларға шолу жасады. Кейбір сыныптарда оқушылар өздері дайындаған презентациялар мен шағын жобалар арқылы оның өмірі мен мұрасын жан-жақты таныстырды.