Салалар
Талқылаулар
Новость

10 қыркүйекте жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуы мәселелері бойынша облыстың білім басқармасы ұйымдастырған кеңес өтті.
📌 10 қыркүйекте жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуы мәселелері бойынша облыстың білім басқармасы ұйымдастырған кеңес өтті.
Кеңес жұмысына білім басқармасының, Білім саласындағы бақылау департаментінің, әдістемелік орталықтың өкілдері, сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері қатысты.
🔑 Негізгі бағыттары талқыланды:
-мектептердегі, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері;
- педагогтердің курстық даярлығын ұйымдастыру және стейкхолдерлердің бірлескен қызметі;
- бейінді және қазақ сыныптарының ашылуы;
- білім беру сапасын арттыруға және оқыту мазмұнын жаңартуға бағытталған республикалық жобалар мен апробацияларды іске асыру.
Орталықтың мониторинг және талдау бөлімінің басшысы А.Ж. Қосымбаева «Оқу-тәрбие процесін әдістемелік сүйемелдеу, әдістемелік орталық іске асыратын және білім беру сапасын арттыруға бағытталған негізгі жобалар туралы» баяндама жасады.
«Педагогтердың курстық даярлығын ұйымдастыру және стейкхолдерлердің бірлескен қызметі» тақырыбы бойынша орталықтың әдіскері Ж.А. Баекина сөз сөйледі.
✅ Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.