Салалар
Талқылаулар
Новость
«Ұлттың тілін қорыған арыстарым»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық Орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 9 қыркүйек күні «Ұлттың тілін қорыған арыстарым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қазақ тілін қорғап, дамытуға үлес қосқан тұлғалардың еңбегін насихаттау. Жас мамандар мен қатысушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін көтеру;
Жастарды шешен сөйлеуге шеберліктерін шындау;
Тіл – біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екені жайында әңгіме өрбітіп, пікір алмасты.
Жас мамандармен жүргізілген жұмыстар: «Көгершін тақтасы» арқылы өз идеяларымен бөлісті.
XX ғасырдың басында қазақ тілі үшін күрескен ұлт жанашырлары туралы видеоролик көрсетіліп талқыланды.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік тілдің маңызы жайлы пікірлер айтылып жас мамандарға үндеу жасалды.