Салалар
Талқылаулар
Новость

Бүгінгі күннің маңызды кездесуі!
📌 Бүгінгі күннің маңызды кездесуі!
Бүгін әдістемелік орталықта «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Петропавл қаласындағы филиалына жаңа тағайындалған директор Сосин Виктор Николаевичпен кездесу өтті.
Кездесу барысында Виктор Николаевич орталықтың жұмысымен, жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Әдістемелік орталықтың қызметі, бағыттары мен педагогтерді әдістемелік қолдау механизмдері жан-жақты ұсынылды.
Біздің орталық НЗМ-мен бірлесе «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, НЗМ мұғалімдері 9-сынып аттестациялау үдерісіне , ОЗНО нәтижелерін сараптауға белсене қатысып, жоғары деңгейдегі сарапшылық қолдау көрсетуде.
Алдағы уақытта да бұл ынтымақтастық жаңа белеске көтеріліп, ортақ жобаларымыздың ауқымы арта түсетініне сеніміміз мол!