Салалар
Талқылаулар
Новость

1-ші облыстық физика пәні мұғалімдерінің отырысы өтті!
📌 1-ші облыстық физика пәні мұғалімдерінің отырысы өтті!
Бүгін облыс көлеміндегі шығармашыл, ізденімпаз физика пәні мұғалімдерінің басын қосқан алғашқы кеңес өткізілді. Жиын барысында 2025- 2026 оқу жылындағы білім беру үдерісін тиімді ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен басым міндеттері жан-жақты қарастырылды.
Инструктивтік-әдістемелік хат негізінде білім сапасын арттыру жолдары, заманауи оқыту тенденциялары мен педагогтер алдына қойылған мақсаттар түсіндірілді.
Физика пәні мұғалімдері қауымдастығы- өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасудың, кәсіби қолдаудың тиімді алаңы ретінде ұсынылды.
«Адал Азамат» құндылығы -жиынның басты назарында болды. Мұғалімнің адалдық, азаматтық, ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы рөлі, сыныптан тыс зерттеу жұмыстары мен пән мазмұнына құндылықтарды кіріктіру жолдары ұсынылды.
Сонымен қатар, Lesson Study жобасын жүзеге асыру барысы таныстырылып, зерттеу сабақтары арқылы оқыту сапасын арттыру жолдары ұсынылды.
#Физика2025 #АдалАзамат #LessonStudy #Жасанды интеллект #Әдістемелікорталық