Салалар
Талқылаулар
Новость

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – ұлттың рухын оятушы, ұрпақ санасына сөз құдіретін дарытушы тұлға.
📖 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – ұлттың рухын оятушы, ұрпақ санасына сөз құдіретін дарытушы тұлға.
📅 2025–2026 оқу жылына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алғашқы қауымдастығының отырысы өткізілді.
📝 Отырыс барысында қауымдастықтың жұмыс жоспары таныстырылып, заманауи білім берудің негізгі бағыттары, өзекті мәселелері, әдістемелік-нұсқау хат, 5-8,10- сыныптар бойынша емтихан өткізу бойынша нұсқаулық қарастырылды.
🤝 Сонымен қатар, «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының құндылықтарын білім беру үдерісіне енгізу, оларды оқу-тәрбие жұмысына жүйелі түрде ықпалдастыру жолдары талқыланды.
💻 Білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу, оның тиімді тұстары мен ықтимал қауіптері туралы пікір алмасу жүргізілді. Мұғалімдер бұл жаңашылдықтың оқыту үдерісіне оң ықпал етуі үшін оны дұрыс қолданудың маңыздылығына тоқталды.
🎯 Жаңа оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда «Адал азамат» бағдарламасының тәрбиелік құндылықтарын тереңінен енгізу мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру басты басымдар ретінде айқындалды.