Салалар
Талқылаулар
Новость

«Нашақорлыққа жол жоқ» атты челлендж.
Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Нашақорлыққа қарсы «30 күндік іс-шаралар кешені» жүзеге асырылуда. Соның аясында Астана қаласы Алматы ауданының білім беру ұйымдарының арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты челлендж басталды. Аталған бастаманы Астана қаласының әкімдігінің №32 мектеп- гимназиясы жолдаған челленджді Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейі оқушылары, ата-аналары және ұстаздары қолдап, қабыл алды. Осы челленджді жалғастыру мақсатында эстафетаны «Бейімбет Майлин атындағы № 52 мектеп-гимназиясына жолдайды. Бұл челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың, ата-аналардың және қоғамның назарын салауатты өмір салтын насихаттауға, зиянды әдеттердің алдын алуға бағыттау. Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында жауаптылық, ұйымшылдық пен ортақ құндылықтарға деген құрмет қалыптасады. «Салауатты өмір — сәнді өмір!» ұстанымында болайық. ВИДЕО КӨРУ