Салалар
Талқылаулар
Новость

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады. Прокуратура органдары қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқарды – мұндай көлемдегі қаражат осындай қысқа уақытта бұрын-соңды қайтарылған емес. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды іске асыру аясында олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады. Прокуратура органдары қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқарды – мұндай көлемдегі қаражат осындай қысқа уақытта бұрын-соңды қайтарылған емес. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды іске асыру аясында олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті. Қайтарылған қаражат есебінен жалпы сомасы 375 млрд теңгеге 207 су құбыры нысанының, 177 медициналық мекеменің, 14 білім беру және спорт нысанының құрылысы басталды. Олигополия субъектілерімен келісімдер жасалып, олар елге 5,2 трлн теңге инвестиция салу жөнінде міндеттемелер қабылдады. Атап айтқанда, Алматы қаласында жаңа туристік кешен, басқа өңірлерде көлік-логистикалық орталықтар мен зауыттар салынады. Мысалы, 3 000-нан астам жұмыс орны құрылатын тау-кен байыту комбинаты салынады. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтып, ресурстарды өңдеу деңгейін арттырады, елдің экспорттық әлеуетін нығайтып, салық түсімдерін көбейтеді. Бұдан бөлек, субъектілермен 16 мектеп пен балабақша, 8 дәрігерлік амбулатория мен аурухана, 13 спорт кешені, 16 мәдени-демалыс нысаны салынады. Жалпы құны – 122 млрд теңге. Бұл 8 000-нан астам қосымша жұмыс орнын ашады. Барлық жобаларға қатаң бақылау орнатылады. Сонымен қатар, Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады. Негізгі мақсат – ел экономикасына, соның ішінде бұрын шетелге заңсыз шығарылғанды да қоса алғанда, қаражатты құюға ынталандыратын жүйе құру. Жалпы, бұл бағытта біз жүйелі жұмыс жүргізудеміз – халықаралық құқықтық байланыстар кеңейтіліп, цифрлық құралдар жетілдірілуде (жақында мен Сингапурмен құқықтық келісімдерге қол қойдым, сондай-ақ әлемнің ірі қаржы орталықтарымен тағы бірнеше жоба пысықталуда). Инвестицияларды қорғау прокуратура жұмысының негізгі бағытына айналды. Бүгінде прокурорлар жалпы сомасы 87 трлн теңге болатын 1,5 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. 2023 жылдан бері: • 937 проблемалық кейстер шешілді, 1 732 инвесторға (соның ішінде шетелдік инвесторларға) көмек көрсетілді;.