Салалар
Талқылаулар
Новость

Мектепішілік ата- аналар жиналысының №1 хаттамасы Күні: 18.09.2025ж Қатысқан ата-ана саны: 67
Мектепішілік ата- аналар жиналысының
№1 хаттамасы
Күні: 18.09.2025ж
Қатысқан ата-ана саны: 67
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.2025-2026 жаңа оқу жылының басталуы. Гимназия директоры Естаева Азиза Тоқсабайқызы.
2."Бала жетістігі: қолдау мен сенім" Қамқоршылық кеңесінің төрағасы - Султангазиев Махсат Лесханович.
3.Қауіпсіз орта- бала бақытының кепілі Шу АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ УПИ-ы полиция капитаны - Тойбаев Азамат Қанатұлы.
4.Шу аудандық полиция бөлімінің отбасылық тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны - Садық Жансая Қырбашқызы.
5.Әр түрлі мәселелер
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанбаева Диляра Нурсоветовна .
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тилекеев Артур Каденович.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша гимназия директоры А.Т.Естаева сөз алды.Ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, өзін таныстырды.Ата- ана мен бала арасындағы қарым – қатынас тақырыбында кең көлемде ақпарат беріп, кеңес айтты.Балаларды адамгершілікке,тәрбиелікке,еңбекке баулып, мектеп пен ата- ана арасында өзаара түсіністік орнатып,бала тәрбиесіне назар аударуды талап етті.Сондай- ақ мектептің ішкі тәртібін сақтауға, ата - аналарды мектеппен бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Жиналыс барысында Шу аудандық полиция бөлімінің отбасылық тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны - Садық Жансая Қырбашқызы ата - аналарға «Құқық бұзушылық деген не»? тақырыбында ақпарат берді.Әкімшілік, қылмыстық және психикалық жыныстық зорлық - зомбылықтың бабымен жауапершілікке тартылу бойынша баптармен таныстырды.Ата -ананың бала алдындағы міндетін, жауапкершілігін орындауға шақырды.
Келесі мәселе бойынша, Шу АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ УПИ-ы полиция капитаны Тойбаев Азамат Қанатұлы «Қауіпсіз орта- бала бақытының кепілі» тақырыбында түсіндірме жұмыстар жүргізді.Жаңа оқу жылында облыс бойынша орын алып жатқан құқық бұзушылықтар мен кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында жиі болып жатқан келіспеушілік салдарынан адам өміріне зиян келіп жатқанын түсіндіріп өтті.Бала тәрбиесінде отбасының, ата-ананың тәрбиесінің маңызды зор рөл атқаратынын баяндады.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Султангазиев Махсат Лесханович "Бала жетістігі: қолдау мен сенім" тақырыбында баяндама оқыды.Өткен оқу жылында ата- аналар комитеті тарапынан атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасап, оның тиімділігін, белсенді ата-аналардың көмегін атап өтті. Ата-аналар мектеппен тығыз байланысты нығайтып, қолдау мен сенім білдіріп, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Бесінші мәселе бойынша, ДТІЖ орынбасары Оспанбаева Диляра Нурсоветовна «Адал азамат» Біртұтас бағдарламасының мақсат міндетімен таныстырып, мазмұны туралы кең ақпарат берді.Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасының тәрбие жұйесін ұлттық құндылықтарға негіздей отырып,өскелең ұрпақты адамгершілікке, әділдікке, отансүйгіштікке, еңбекқорлықпен жауапкершілікке тәрбиелеуді көздейді. «Адал азамат» ұстанымдарының мектеп өмірінде және отбасылық тәрбиеде маңызы зор екенін атап өтті.
ДҚТІЖ орынбасары Тилекеев Артур Каденович сөз алып, мектептің ішкі тәртібі ережелерімен және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты міндеттермен ата- аналарды таныстырды. Қазіргі таңда киберқауіпсіздік мәселесі өзекті екенін балалардың интернетте бөгде адамдармен байланыс орнатпау, қауіпсіз онлайн тәртіпті сақтау туралы балалармен уйде де әңгіме жүргізу қажеттілігі айтылды. Сондай – ақ мектептің ішкі тәртібін сақтауға, сабаққа уақытылы келуге, мектеп формасын киюге, ашық, түрлі- түсті киімдерді кимеуге, сәнді әшекейлер тақпауға үйде ата- аналар баласымен түсіндірме жұмыс жүргізу керектігі талап етілді.Сабақ кезінде ұялды телефонды пайдалануға қатаң тыйым салынады.Мұғалімнің рұқсатымен қолдануға болатыны айтылды.
Шешімі:
1.Гимназия директоры жаңа оқу жылының басталуына байланысты, ата- аналар комитетінің құрамын жаңарту ұсынылды.
2. Оқушылардың тәрбиесіне белсене араласып, мектеппен бірлескен жұмыс атқару.
3.Ата-аналар тарапынан бағдарламаға қолдау білдіріп, тәрбие жұмыстарына белсене арласуға келісім берілді.
4.Ата-аналар ұсынылған жаңа комитеттің құрамын қолдап, бірауыздан дауыс берді.
https://www.facebook.com/share/r/1BBe8e6f2Y/
https://www.facebook.com/share/r/1BBe8e6f2Y/