Салалар
Талқылаулар
Новость

Н. К. Крупская атындағы №10 орта мектебінде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Педагогикалық ұжым мен ардагер ұстаздарды бастауыш сынып оқушылары және болашақ түлектер – 11-сынып оқушылары құттықтады. Жылы лебізін мектеп директоры Ельцова И. Б. және кәсіподақ комитетінің төрайымы Барышева Н. Г. жеткізді.
Мерекелік көңіл-күйді филармония әртістерінің би және музыкалық нөмірлері жандандыра түсті. Іс-шара ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың айқын көрінісі болды.











