Салалар
Талқылаулар
Новость

Дублер күні.
Бүгін 3 қазан күні “Ұстаздар күні” қарсаңында мектебімізде «Дублер күні» өткізілді. Бұл іс-шараға 11-сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, мұғалімдердің күнделікті қызметін өз тәжірибелерінде сезініп көрді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың мұғалім мамандығына деген қызығушылығын арттыру, педагогикалық жауапкершілікті түсіндіру және еңбекке баулу. Оқушылар сабақ жүргізіп, сынып тәртібін сақтап, білім беру процесіне толыққанды араласты. Іс-шара барысында жоғары сынып оқушылары мұғалім орнында болып үлкен дайындық, шыдамдылық пен жауапкершілік танытып қатысты. Сонымен қатар, олар ұстаз еңбегінің маңызын терең түсініп, мұғалім мамандығына деген құрметі арта түсті. Дублер күні – оқушылар үшін тек қызықты тәжірибе ғана емес, болашақ мамандықты таңдауға жол ашатын маңызды қадамдардың бірі болды. ВИДЕО КӨРУ