Салалар
Талқылаулар
Новость

Ұлттық ойын – ұлттық қазына.
Мектебіміздің 15 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «15 жыл – 15 іс-шара» жоспарына сәйкес, 8-сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойын – ұлттық қазына» тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Іс-шараны денешынықтыру пәні мұғалімдері Сәкенов Ж, Нақып А,Ақмағанбетов А, Бертаев Б және сынып жетекшілері ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлттық дәстүрлермен таныстыру, салт-сананы дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс барысында оқушылар асық ату, бес тас, қол күрес және арқан тарту ойындарында бақтарын сынады. Бұл ойындар жеке және командалық түрде өткізілді. Сайыс барысында оқушылар өздерінің ептілігі мен күш-жігерін көрсетіп, ұйымшылдық пен достықтың жарқын үлгісін танытты. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Ұлттық ойындарды дәріптеу арқылы мектеп оқушыларының бойына отансүйгіштік пен рухани тәрбие сіңірілді. ВИДЕО КӨРУ