Салалар
Талқылаулар
Новость

2025 жылғы 30 қыркүйекте №18 мектепте «Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өтті.
8–11 сынып оқушыларына арналған бұл дәріс нашақорлықтың алдын алу айлығы аясында ұйымдастырылды. Айлық Астана қаласының прокуроры Утегенов Ерлан Рахимхановичтің бастамасымен қолға алынған.
100-ден астам оқушы қатысқан шара барысында бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп, есірткінің заңсыз айналымына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірлерін білдіріп, талқылауға қатысып отырды. Бұл дәрістің танымдық қана емес, қызықты да болуына септігін тигізді.
Кусаинова Айгүл Мендібаевна жастар арасында профилактикалық жұмыстың маңыздылығын және есірткінің зияны мен оның салдары туралы ақпараттандыру қажеттігін атап өтті.
Мектеп директоры Гайсина Сайран Төлеуханқызы бұл іс-шараның жастардың құқықтық санасын арттыру және еліміздегі есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған тұрақты жұмыстың бір бөлігі екенін айтты.