Салалар
Талқылаулар
Новость

Қарттар күніне орай, 30 қыркүйек күні мектебімізде «Менің жылдарым – менің байлығым» атты мерекелік концерт өтті.
Іс-шараға ардагерлер, ұстаздар, әжелер мен аталарымыз – Сарыарқа ауданының қонақтары шақырылды.
Мереке барысында жылы лебіздер айтылып, жүрекке жақын әсем әндер орындалды. Қонақтар үлкен қуанышпен тыңдап, қосыла ән шырқады.
Көрермендерге 4 «Е» сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшісі Блюм Н. П. тамаша өнерлерін тарту етті.
Концерт соңында қонақтар мектеп әкімшілігіне және оқушылар мен сынып жетекшілерге көрсеткен ықыласы мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
https://www.instagram.com/p/DPO3yw1iKCg/