Салалар
Талқылаулар
Новость

«Мұғалім»драмасын көрермен ыстық ықыласпен қабылдады
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы 36-шы маусымдағы алғашқы премьераның тұсауын кесті.
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы 36-шы маусымдағы алғашқы премьераның тұсауын кесті.
Көрермен назарына ұсынылған «Мұғалім» әлеуметтік драмасының премьерасы сәтті түрде сахналанды. Мұғалім мәртебесінің әлеуметтік мәніне үңілген көпшілік актерлердің ойынына қошемет көрсетті.
Мұғалім тағдыры арқылы біз адалдық пен мейірімнің, арман мен үміттің, жауапкершілік пен жанқиярлықтың сырын ұғындық. Бұл қойылым мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы мәселелердің шешімін табуға жол бастайды.
Айтып өтейік, қойылым авторы Қолғанат Мұрат, қоюшы-режиссер Әділет Ақанов, қоюшы-суретші Айсұлу Шарипова, Хореограф – Данияр Абишев.
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
- Айдана Айдарбекқызы – Еркежан Төлеубек / Заура Кенжебаева
- Іңкәр - Райхан Мұқатай / Фатима Сейіт
- Зарина - Жанар Назикенова / Айша Оразхан
- Бүркіт - Ерасыл Ерланұлы
- Ербол - Ақжол Дүйсенұлы / Айбек Өмірбек
- Қорлан - Дильназ Қиятова / Ақжан Кембаева
- Нариман - Арман Серікқазыев / Темірлан Мұқатай
- Майра Тасболатовна – Айнаш Хабев / Аида Садыкова
- Орал Заманбекович – Бек Тоқатов / Руслан Нығман
- Айша Тұрдымұратова – Ақық Таспаева / Баян Исабекова
- Балапан Райева – Айсұлу Балтабаева / Талжібек Атамбек
- Тоқтар Болатович – Нұржан Сарқамбаев / Медет Садығазин
- Раиса Заманбековна – Гульжан Каирбекова / Құралай Мусанова
Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры