Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
⚜ «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында 17 қазан күні Қызылжар ауданында Бескөл №2 орта мектебі базасында «Білім сапасына жол: ауыл мектептерін трансформациялау» атты облыстық семинар өтті. Семинардың басты мақсаты — жобаны іске асыру бойынша басшылар мен әдіскерлердің басқарушылық құзыреттерін дамыту.
Семинардың басты мақсаты — жобаны іске асыру бойынша басшылар мен әдіскерлердің басқарушылық құзыреттерін дамыту.
Семинарға қатысушылар демонстрациялық сабақтар мен STEM зертханаларының тәжірибелік алаңдарын аралап көрді.
Ерекше назар тірек және шағын жинақты мектептердің өзара әрекеттестігіне, әдістемелік қолдау мәселелеріне, педагогтердің басқарушылық құзыреттерін дамытуға және табысты тәжірибелерді таратуға аударылды.
Іс-шараның күтілетін нәтижесі – «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын іске асыру бойынша үздік тәжірибелерді енгізу және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл мектептерінде білім сапасын арттыру.