Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
⚜️ «Оқып үйрен, талмай ізден, еңбектен!»– Мағжан Жұмабаев
Бүгін Мағжан орталығы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжаттың басты мақсаты – өңірдегі білім беру ұйымдарында Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау, әдеби-мәдени жобаларды жүзеге асыру және жас ұрпақтың рухани-мәдени дамуына ықпал ету.
Мағжан мұрасын ұлықтау – ұлт руханиятына қосылған өлшеусіз үлес.
Меморандумға қол қою – серіктестікті нығайтуға, кәсіби көкжиектерді кеңейтуге, сондай-ақ педагогикалық шеберлікті дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.
Шара аясында Мағжан орталығы мен Әдістемелік орталықтың бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, «Мағжантану» элективті курсының білім беру жүйесіндегі маңыздылығы ерекше атап өтілді.