Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
🔰 Педагогтің креативті және зерттеушілік ұстанымы экологиялық тәрбиенің сапасын арттырады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру — баланың тұлғалық дамуының маңызды бағыты болып табылады. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін бала бойына ерте жастан дарыту арқылы оның қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы, ізгілікті көзқарасы қалыптасады. Бүгін «Педагогтың шығармашылық қызметі арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Малыш» бөбекжай бақшасында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, экологиялық мәдениет пен адамгершілік құндылықтарды біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде балабақша тәжірибесіне енгізу.
Семинарда әдіскерлер мен тәрбиешілер балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.Педагогтердің зерттеушілік тәжірибелері өзара кәсіби қолдау мен ынтымақтастық алаңына айналды.
Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс орнатып, экологиялық тәрбиені дамытудың жаңа бағыттарын айқындады.