Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
⚜️ «Тіл мұрасы» облыстық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылдың 30 қазанында онлайн форматта семинар өтті.
Семинардың мақсаты - қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін талдау, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және «Тілге бойлау» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Тіл мұрасы» облыстық жобасының мазмұнын кеңінен түсіндіру.
Іс-шараға 100-ге жуық қазақ тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинарға қатысушылар педагогикалық тәжірибелерімен алмасып, қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері мен қазіргі заман талаптарына сай тәсілдерін талқылады. Осындай кездесулер тілдік білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға және мемлекеттік тілдің беделін нығайтуға мүмкіндік береді.