Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
⚜️ 2025 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі А. А. Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысына келді.
Жұмыс сапары аясында вице-министр өңірдің білім беру ұйымдарының қызметімен және облыстың білім беру саласының инновациялық жобаларымен танысты.
Оқушылар сарайында Әдістемелік орталық цифрлық сауаттылықты дамыту мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша жүзеге асырылып жатқан республикалық және өңірлік жобаларды таныстырды.
Петропавл қаласындағы №28 орта мектепте педагогикалық қауымдастықпен кездесу өтіп, «Бизнес-әмиян» инновациялық жүйесінің таныстырылымы өтті.