Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
Күзгі бал.
Кеше мектебімізде көптен күткен ерекше шара өтті — 8–11 сыныптар арасындағы Күзгі бал. Кештің ең қызықты сә ті «Мистер және Миссис Смит 2025» байқауы болды. Қатысушылар өз таланттарымен, ақыл-парасатымен және тартымдылығымен қазылар алқасын тәнті етті.
Байқау тартысты өтіп, бірнеше жарқын кезеңнен тұрды:
✨ Дефиле — әр қатысушы өз стилі мен сенімділігін көрсетті.
✨ Таныстыру — оқушылар өздері жайлы әзілмен және креативті түрде баяндады.
✨ Күзгі сәйкестік — импровизациялық кезең, жұптардың ойының үйлесімділігін анықтады.
✨ Шығармашылық нөмір — қатысушылар таланттарын толық ашқан нағыз кульминация!
Осы тамаша шараны ұйымдастырған 10 «А» сынып оқушыларына үлкен алғыс айтамыз. Сіздердің бастамашылдығыңыз бен жауапкершіліктеріңіз байқаудың әр кезеңін әсерлі етті.
Қиын да қызықты сыннан сүрінбей өткен 11 «А» сынып өкілдері «Мистер және Миссис Смит» атағын жеңіп алды! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Байқау бағдарламасынан кейін басталған дискотека оқушылар мен мұғалімдерді бір арнаға тоғыстырды. Кеш өте жылы, достық атмосферада өтіп, барлығына керемет көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
